Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

4 пәтер, 11 көлік және жер телімдері: Көкшетауда мемлекеттік субсидияларды заңсыз алғандар әшкере болды

Көкшетауда агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін мемлекеттік субсидияларды жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Тергеуді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізген.
ҚМА мәліметінше, екі жыл бойы "МолПродЖаркаин" ӘКК директоры және "Рассвет" шаруа қожалығының басшысы сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған.

"Рассвет" шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде "МолПродЖаркаин" ӘКК-не 3 миллион келіден астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген.
Осы құжаттар негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу туралы есептер жасалып, уәкілетті орган өтінімдерді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған", - делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 миллион теңге болған.

"Бұдан бөлек, алынған субсидиялардың бір бөлігі жасыру мақсатында Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған. Кейін бұл қаражатқа жалға беріліп, табыс табу үшін пайдаланылған мобильді ғимарат сатып алынған. Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды".

Сот үкімі бойынша, екі басшы 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді. Қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады.
Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus