Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің жер қойнауын зерделеу және еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаражат 1:50 000 масштабындағы екінші буынды (ГС2-50) 20 геологиялық түсірілім жобасын жүзеге асыруды бастауға бағытталады. Жұмыстар шамамен 100 мың шаршы шақырымды қамтиды, бір учаскенің орташа ауданы шамамен 5 мың шаршы шақырым.

ГС2-50 бағдарламасы заманауи геофизикалық, қашықтықтан және геохимиялық зерттеу әдістерін, сондай-ақ деректерді терең цифрлық өңдеуді қолдануды қарастырады. Бұл өзекті геологиялық карталарды қалыптастыруға және перспективалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Биыл аэрогеофизикалық және далалық жұмыстар, соның ішінде геохимия, бұрғылау және арықтар қазу жоспарланған. Дала жұмыстары маусымының қорытындысы бойынша сынамаларға алдын ала зертханалық талдау жүргізілетін болады.

Болжамды ресурстарды нақтылай отырып, анықталған және бұрын белгілі кен аймақтары мен перспективалы алаңдарды мамандандырылған зерттеуге, сондай-ақ болжамды ресурстарды есептей отырып, кен алқаптарын бағалауға ерекше назар аударылады. Алынған нәтижелер егжей-тегжейлі іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болады.

️Геологиялық түсірілім Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстарының аумақтарын қамтиды.

Сондай-ақ Шу-Сарысу және Солтүстік Торғай аумақтарында зерттелмеген мұнай-газ перспективалы шөгінді бассейндердің 2D сейсмикалық барлау жұмыстарының 6 жобасын жүзеге асыру көзделген. Қазіргі уақытта олардың геологиялық зерттеу деңгейі көмірсутектердің мұнай-газдың жеткілікті мөлшері мен ресурстық әлеуетін сенімді бағалауды қамтамасыз етпейді. Сейсмикалық барлауды жүргізу мұнай мен газ кен орындарын локализациялау үшін перспективалы құрылымдарды анықтауға, сондай-ақ олардың әлеуетті көлемін бағалауға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмыстар — табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, геологиялық барлау саласын дамыту және жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту үшін негіз қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.

Барлық жобаларды 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жалпы, үш жылдық кезеңде мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге немесе $500 млн қарастырылған.

Осы іс-шараларды жүзеге асыру ел аумағын геологиялық зерделеу деңгейін арттыруға, одан әрі зерттеу үшін перспективалы учаскелерді анықтауға және Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Айта кетелік Геологиялық зерттеуге 240 млрд теңге бөлінетіні туралы жазған едік.

 

Сообщение Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus