Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан облысында 193 миллион теңгеге салынған әкімдік ғимараты құлайын деп тұр

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Жібек Жолы ауылында былтыр жазда ғана пайдалануға берілген аудандық әкімдік ғимаратының қабырғалары жарыла бастап, құлайын деп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қауіпсіздік үшін әкімдіктің кейбір қызметкерлерін ғимараттың бір қанатынан екіншісіне ауыстыруға тура келген. Қабырғалардағы жарықтар үлкен, ал дәретхана мен қойма жабылған, себебі ол жақта еден опырылып кеткен.


"Қабырғалар қозғалып тұрғандай. Бірдеңе сынып, жарылып жатқандай дыбыстар естіледі. Әсіресе түнде. Күндіз адамдар кіріп-шығып жүргенде байқалмайды. Ал түнде тыныш кезде бәрі анық естіледі. Мен құламайтын жақта ұйықтаймын", – деді күзетші Миллиардбек Мәлібеков.


Жібек Жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Талғат Қамбарбеков те жағдайдың қауіпті екенін айтты.

"Әрине, қорқынышты. Күзетшінің өзі түнде бәрі сықырлап, сартылдайтынын айтады. Кейінгі аптада біраз шөгіліп, жарықтар ұлғайды. Меніңше, іргетасын дұрыс жасамаған. Маманы емеспін, бірақ солай ойлаймын", – деді ол.


Ал мердігерлер жоба талаптарынан ауытқыған жоқпыз дейді. Олардың сөзінше, бір жолы дәретханада құбыр жарылып, көп су төгілген. Соның салдарынан су топыраққа сіңіп, жер шөгіп, ғимарат зақымдануы мүмкін.

"Су 10–20 минут аққан шығар, нақты білмеймін. Біз келгенде бәрі су болып жатты. Суды тазалап алдық, бірақ көп су жер астына кетті де, топырақ отырып қалды. Біз бәрін қалпына келтіреміз: жұмысшыларды шақырдық, ашып қарап, таптаймыз, қайта көміп, іргетасты тексереміз", – деді мердігер ұйым өкілі Орынбасар Аятов.


Аудан әкімдігінің айтуынша, алдымен арнайы сараптама жүргізіледі. Ол 193 миллион теңгеге салынған ғимараттың қай бөлігіне жөндеу қажет екенін нақты анықтайды.
Әзірге әкімдіктің тоғыз қызметкері жаңа ғимараттан ескі ғимаратқа көшуге мәжбүр. Ескі ғимарат тозығы жеткенімен, әзірге жаңа ғимараттай қауіпті емес.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus