Екі облыста көлік қозғалысы уақытша шектелді
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы14 ақпанда сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты төмендегі учаскелерде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:
"Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы: 955–1121 км (Жамбыл облысының шекарасынан Күрті ауылына дейін);"Қонаев – Күрті" автожолы: 0–67 км (Қонаев қаласынан Күрті ауылына дейін).
Жамбыл облысы
Сондай-ақ, 14 ақпанда сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 893–955 км аралығы ( Бурылбайтал ауылынан Алматы облысының шекарасына дейін) барлық көлік түріне уақытша жабылды.Қозғалыс шамамен 15 ақпан, сағат 07:00-де қайта ашылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!