Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Конституция саяси жүйенің «ойын ережесін» өзгертеді – құқықтанушы

Жаңа Конституцияның ерекшелігі – шешімдер ұжымдық әрі институционалдық деңгейде қабылданатын болады. Бұл жөніндеМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Болатбек Тлеулов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Ата заңда өкілді институттардың рөлін күшейту басымдыққа ие. Оған қоса өкілеттіктердің бір бөлігін Құрылтай мен сайланбалы органдарға беру жоспарланған. Бұл бір орталықта шоғырланған басқару моделінен бас тартып, шешімдер институционалдық түрде қабылданатын жүйеге көшу дегенді білдіреді.

– Назар тек билік құрылымына емес, оның қоғам алдындағы жауапкершілігіне аударылуы өте маңызды. Парламенттің Үкіметті қалыптастыруға қатысуы, бақылау жүргізуі және саяси бағытқа ықпал ету мүмкіндігі артса, мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыс нығая түседі. Билікті барынша есеп беретін әрі теңгерімді ету конституциялық өзгерістің негізгі мәні деп санаймын, – деді құқықтанушы.

Болатбек Тлеуловтың пікірінше, Конституция бүкіл саяси жүйе үшін «ойын ережелерін» айқындайды, сондықтан оның жаңартылуы билік институттарының қалай жұмыс істейтінін шешпек. Мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың қалай қалыптасатыны да Ата заңға тікелей тәуелді.

– Егер өзгеріс жүзеге асса, құқық үстемдігі мен саяси плюрализмнің дамуына жол ашылады. Азаматтар шешімдердің жабық түрде емес, талқылаулар мен өкілді органдар арқылы қабылданатынын көре бастайды.

Дегенмен нәтиже бірнеше факторға байланысты өзгеруі ықтимал. Себебі мұқият ойластырылған конституциялық нормалардың өзі саяси мәдениетті, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін және қоғамның белсенді ұстанымын талап етеді. Сондықтан Ата заңның жаңа редакциясы – реформаның соңы емес, керісінше, бүкіл саяси-құқықтық жүйені тереңірек жаңғыртудың бастамасы, – деп түйіндеді Болатбек Тлеулов.

Бұған дейін Қазақстан Конституциясы қалай өзгеретіні туралы жазған едік.

Сообщение Конституция саяси жүйенің «ойын ережесін» өзгертеді – құқықтанушы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus