Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қуандық Бишімбаевтің бұрынғы әйелі сотта куәлік бермек

Астанада алаяқтық ісі бойынша куәлардан жауап алу жалғасып жатыр. Бұл істе Қуандық Бишімбаевтың анасы жәбірленуші ретінде танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін сотта Бишімбаевтың бұрынғы әйеліНазым Қаһарман жауап береді. Ол сот отырысына келіп, айғақ берер алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Каһарман Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесіне пікір білдіріп, бұл тергеу-талқылаулар оның және балаларының өміріне елеулі әсер еткенін айтты.
Сот процесінің басында сот БАҚ-тың куәлардан жауап алуды тіркеу мүмкіндігін шектеді. Судья Назгүл Бапақова куәлардан жауап алу мен олардың айғақтарын фото-, видео- және аудиоға түсіруге "мәннің бұрмалануына жол бермеу мақсатында" тыйым салды.

"Бұл шектеу ақпаратты жасыруға бағытталмаған, тек әділ сот мүддесі үшін, процесс қатысушыларының құқықтарын қорғау және қоғамның сотта болып жатқанды дұрыс түсінуін қалыптастыру үшін қабылданды. Сот белгілеген тәртіпті сақтауды сұраймын, ол бұзылған жағдайда сот заңда көзделген процестік сипаттағы шараларды қабылдауға мәжбүр болады", — деп ескертті судья.

Бұған дейін сотта Бишімбаевтар әулетінің үй қызметшісі куәлік беріп, ақша салынған шабадан туралы айтқан.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың әкесі сотта 1 миллион долларды қалай қайтаруға тырысқанын айтып берді.
Алдыңғы отырыстардың бірінде судья Назгүл Бапақова айыпталушы Бекзат Кемеловадан айыптаумен келісесіз бе деп сұраған. Ол өз кінәсін мойындамады.
Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов іс бойынша сөз болып отырған шамамен 1 миллион доллардың бар екенін дәлелдейтін айғақтарды ұсынған. Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова сотта бұл соманың қайдан келгенін айтып берді. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың анасынан Салтанат Нүкенованың ата-анасына ақша беру туралы да сұралды.
Контекст
Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің ата-анасы өз туыстары Қайрат Кемелов және Бекзат Кемеловамен соттасқан. Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова Бекзат Кемелованы шамамен 1 миллион доллар көлеміндегі алаяқтық жасады деп айыптап, ал оның жұбайын жала жапты деп кінәлаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus