Цифрландыру адам өмірін қалай жеңілдетті?
Цифрландыру – ХХІ ғасырдағы қоғам дамуының басты қозғаушы күштерінің бірі. Бүгінде ол тек технологиялық үрдіс емес, адамның күнделікті өмірін жеңілдеткен маңызды құралға айналды. Қазақстан да бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік цифрлық кеңістікте өз орнын қалыптастырып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы – елдің бұл салаға стратегиялық мән беріп отырғанының айқын дәлелі. Қазіргі таңда Қазақстан цифрландыру деңгейі бойынша әлемдегі үздік 30 елдің қатарына енеді. Цифрлық дамудың ең басты артықшылығы – уақыт үнемдеу. «Электронды үкімет» жүйесінің енгізілуі азаматтардың өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Бүгінде халықтың 90 пайыздан астамы құжат рәсімдеу, салық төлеу, әлеуметтік жәрдемақы...