Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Медицинаны қаржыландыру көздерінің мәліметтері біріктіріледі

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында жеке меншік мектептердің жұмысы қалай реттеліп жатқанын айтты.

— Президент тапсырмасы бойынша медициналық көмекті халықтың нақты қажеттіліктеріне, демографиялық және көші-қон деректеріне сүйене отырып жоспарлауға көшеміз. Қаржыландыру көлемі ең тиімді мемлекеттік және сенімді жеке емханаларға бағытталады. Қосарланған төлем мен жалған есепті болдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылау енгізілмек. Қосарланған төлемдер салыстырылып, барлық қаржыландыру көзінің мәліметтері біріктіріледі. Пациенттермен кері байланыс мобильді қосымша арқылы жүзеге асады, — деді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол медициналық қызмет сапасын бақылау күшейіп, лицензиялау талаптары қатаңдайтынын айтты.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қаржы министрлігіне берілді. Қазір құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, жеке медицина және білім беру ұйымдарын қаржыландыру механизмдерін қайта қарау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы шараларды іске асыру арқылы ашық әрі нәтижеге бағдарланған жүйе қалыптасады. Жалпы біз денсаулық сақтау және білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасына қатаң бақылау орнатуға тиіспіз. Өйткені халықтың өмір сүру сапасы аталған мәселелерге тікелей байланысты, — деді Аида Балаева.

Еске салсақ, кешегі Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық сақтандыру қорынан орасан зор қаражат ұрланып жатқанын айтқан еді.

Сообщение Медицинаны қаржыландыру көздерінің мәліметтері біріктіріледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus