Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шымкентте бір адам қаза болған төбелес: желіде видео пайда болды

Шымкентте жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, салдарынан қала тұрғыны қаза тапты. Желіде оқиғаға қатысты болуы мүмкін кадрлар тарай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.
Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын.
Желідегі кадрлар
Бұған дейін желіде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін бір видео тараған. Кадрларда ер адамның төбелесіп жатқандарды сабырға шақырған дауысы естіледі, алайда олар тыңдамайды. Олардың бірінің қолынан пышақ байқалады.
Сондай-ақ интернетте оқиғамен байланысты болуы мүмкін тағы бір видео тарап жатыр. Telegram-арналар мәліметінше, бұл кадрларда Темірлановка ауылында орналасқан орталық аудандық аурухана маңына төбелесте зардап шеккендердің бірінің денесі әкелініп тасталған.
Бейнежазбаны мына сілтеме арқылы көруге болады. Біз тараған видеоларға қатысты пікір алу үшін Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгіндік, алайда әзірге жауап келген жоқ.
Зардап шеккеннің жағдайы
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.

"1990 жылы туған азамат қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Оған сол жақ кеуде тұсындағы пышақ жарақаты диагнозы қойылып, шұғыл түрде ота жасалды", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus