Мұқағали атамнан шабыт алдым…
МҰҚАҒАЛИ АТАМНАН ШАБЫТ АЛДЫМ...
Биыл қазақтың маңдайына біткен ақиық ақын, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық торқалы тойы. Аталған мерекеге орай, Алматы облысы, Райымбек ауданы, А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің 11-сынып білім алушысы, облыстық Мағжан, Мұқағали, Ілияс оқуларының жүлдегері, Республикалық “Ілияс оқулары” байқауының “Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап” аталымы бойынша жас ақындар байқауының 2-орын жүлдегері Абай Мерей Нұржанқызымен сұхбаттастық
-Мерей,әуелі әдебиет саласына оның ішінде Мұқағали әлеміне қалай келдің?
-Ең алғашында, мектеп табалдырығын аттаған кезде, маған даярлық сыныбында Назигул апай сабақ берген болатын. Ол кісі сыныптағы барлық оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың бір-бір өлеңін өзінің қағазына, өз қаламымен жазып берген болатын.Сол кезде маған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының алғашқы бес жолын жазып берді. Енді алты жасар...