Иранда әлеуметтік-экономикалық наразылықтар жалғасуда
Иран көшелері соңғы айларда тыныштықты ұмытты. Кеше ғана күнделікті өмірдің куәсі болған алаңдар мен базарлар бүгін оқ даусы, айқай мен қан иісі сіңген қорқыныш мекенінеайналды. Бұл — жай ғана наразылық емес. Бұл — халықтың жанайқайы, үнсіздікке мәжбүр етілген елдің соңғы үміті.
Көтеріліс экономикалық қиындықтардан басталды. Инфляция, жұмыссыздық, азық-түлік бағасының шарықтауы қарапайым халықты титықтатты. Алайда мәселе тек нан мен ақшада емес еді. Адамдар қорқынышпен өмір сүруден, сөз айтуға тыйым салынған қоғамнан, еркіндіктің жоқтығынан шаршады. Наразылықтар елдің түкпір-түкпірін шарпыды. Көшеге шыққандардың арасында студенттер де, жұмысшылар...