Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2025 жылдың қорытынды Алқа мәжілісі өтті

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен Алқа мәжілісі өтті. Жиын барысында мәдениет, ақпарат және қоғамдық даму, дене шынықтыру және спорт, білім және дін істері салалары бойынша басқарма басшыларының есептері тыңдалды.
Өңірде аталған салалар бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижелері кеңінен талқыланды.

Білім саласында оқыту сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін кеңейту, педагогтердің біліктілігін арттыру, оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы білім алу ортасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мәдениет саласы бойынша тарихи-мәдени мұраны сақтау, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, шығармашылық ұжымдардың жұмысын қолдау, тұрғындар үшін мәдени қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы атқарылған жұмыстарды күшейтуге басымдық берілді.

Ақпарат және қоғамдық даму саласында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, қоғаммен кері байланысты күшейту, жастар саясатын дамыту, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту, волонтерлік қозғалысты қолдау мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт саласында бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын кеңейту, балалар мен жастарды спортқа тарту, жоғары жетістіктер спортын қолдау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды.

Дін істері саласы бойынша конфессияаралық келісімді сақтау, діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, радикалды идеологиялардың алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытындағы шаралар талқыланды.

Мәжіліс қорытындысында басқарма басшыларының есептері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

2026 жылға арналған міндеттер айқындалып, салалар бойынша жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Сообщение 2025 жылдың қорытынды Алқа мәжілісі өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus