Шымкентте ер адам 21 жастағы қызды пышақтап тастаған
Полиция адам өлтірді деген күдіктінің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.
"Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жәбірленушімен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Шымкент Полиция департаментінің хабарламасында.
Otyrar.kz таратқан видеоға қарағанда полицейлерде бейнебақылау камераларынан алынған жазба бар және қылмыстың, болжам бойынша, көшеде жасалған.
Полиция оқиғаның мән-жайын толығырақ жарияламады. Бұған Қазақстанның Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негіз болған, онда тергеу мүддесі үшін мәліметтерді жария етпеу қарастырылған.
Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!