Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алакөл жағалауында және Қорғаста казино салынбақ

Жетісу облысында құмар ойын және туристік нысандар салуға арналған әлеуетті учаскелер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Учаскелер
Толық мәліметті өңірлік туризм басқармасы ұсынды. Олардың дерегінше, Жетісу облысында ойын аймақтарын салуға арналған ықтимал жерлер белгіленген: Алакөл көлінің жағалауынан 25 гектар және Панфилов ауданында – "Қорғас" ХШЫО аумағынан 75 гектар.
Ведомство өкілдері бұл аумақтарда қанша казино салынатыны әзірге нақты емес екенін айтты.

"Бұл аймақтарды дамытудың жалпы тұжырымдамасына, сондай-ақ, қала құрылысы мен инфрақұрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болады", – деп түсіндірді басқарма.

Сонымен қатар, құмар ойын орындарының қызметін тек шетелдіктер пайдалана алатыны белгілі.
Казинолардан бөлек, бұл учаскелерде туристік инфрақұрылым да дамытылмақ: қонақүйлер, мейрамханалар, мәдени-сауықтыру және рекреациялық нысандар салу, сондай-ақ, инженерлік және көлік желілерін жақсарту жоспарланған.Қазір құрылыс жобасы әлеуетті инвесторлармен келіссөз кезеңінде. Басқарманың мәліметінше, инвесторларды айқындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы кезең аяқталып, заңнамада көзделген рәсімдерден өткен соң инвесторлармен тиісті келісімдер жасалмақ.
Туризм министрлігінің сауалнамасыҚазақстанның бірқатар өңірінде тек шетелдіктерге қолжетімді ойын аймақтарын құру мүмкіндігі бойынша сауалнама жүргізілген.
Туризм министрлігінің дерегінше, Жетісу облысында сауалнамаға қатысқандардың 67 пайызы казино салуға қарсы емес, алайда сауалнамаға нақты қанша адам қатысқаны көрсетілмеген.
Болжам бойынша, 2029 жылға қарай өңірге жыл сайын 36 мыңға дейін шетелдік турист келмек. Бұл, ведомство дерегінше, шамамен 700 жұмыс орнын ашуға және жылына 2,4 миллиард теңге көлемінде салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Төрт облыста казино
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланғаны айтылды. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында пайда болуы мүмкін.
Казино орналастыру жоспарланған орындар:

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауы;
Жетісу облысында Алакөл көлінің жағалауы және Панфилов ауданы;
Алматы облысында Талғар ауданы;
Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл өңірі және Зайсан ауданы.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ойын аймақтарын дамыту туризмді ілгерілетудің құралы ретінде ғана қарастырылатынын, мұндай тәжірибе өзге елдерде кең таралғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол әрбір жаңа казино бюджетке жылына 2–3 миллиард теңге салық түсіріп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus