Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығысы 15,1% өсті

Жалпы 2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттің шығысы 6 трлн 833 млрд теңге сомасына көзделген. Бұл 2025 жылғы шығыстардан 15,1% — ға немесе 897,7 млрд теңгеге артық. Әлеуметтік-еңбек саласына жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-ге қатысты 3,7%, ал республикалық бюджетке-24,6%. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Көзделген шығыстардың 99,3% немесе 6 трлн 783 млрд азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады. Оның ішінде 4 трлн 890 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған. Бұл 2,6 млн зейнеткерді қамтуға, 1 трлн 893 млрд теңге – барлық жәрдемақыны төлеуге мүмкіндік береді. Бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Қалған қаражат мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсету, есту қабілеті бұзылған балаларға есту-сөйлеуді оңалту, оңалту орталықтарын салу, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге және т. б. бағытталатын болады.

Бұрын атап өткендей, бүгінгі күні республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2025 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,6 млн адамға 5 трлн 858 млрд теңге жіберілді. Оның ішінде 2,5 млн-ға жуық зейнеткерлер мен 2,1 млн-нан астам мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттеме уақытылы және толық көлемде орындалды.

Бұған дейін көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы қаншалықты көбейгенін жазған болатынбыз.

2026 жылдан мүгедектігі бар жандарға жәрдемақы 10 пайыз өседі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Дәмежан Сәдуақасова 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың қаншалықты артатынын түсіндірді.

 

Сообщение 2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығысы 15,1% өсті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus