Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанның тағы төрт өңірінде казино пайда болады

Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланып отыр. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында пайда болуы мүмкін. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қай өңірлерде казино ашу жоспарланған?Қабылданған заңға сәйкес, Бурабай мен Қапшағайдағы қолданыстағы ойын аймақтарынан бөлек, келесі аумақтарда казино орналастыру көзделіп отыр:

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында;
Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Алакөл көлінің жағалауында;Алматы облысының Талғар ауданында;
Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл аумағында және Зайсан ауданында.

Бұл ретте нақты қайда орналасатыны әзірге анықталған жоқ.
Нақты учаскелерді кім анықтайды?
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов нақты жер телімдерін таңдау құзыреті әкімдіктерге тиесілі екенін айтты.

"Біз аймақтарды айқындаймыз, ал нақты учаскелерді жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Бұл инфрақұрылымның дамуына және өзге де факторларға байланысты болады", — деді министр.

Оның айтуынша, ойын аймақтарын дамыту тек туризмді дамыту құралы ретінде қарастырылады. Министр мұндай тәжірибе көптеген елде кеңінен қолданылатынын атап өтті.
Салық және жұмыс орындары
Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, әрбір жаңа казино жылына бюджетке 2–3 миллиард теңге көлемінде салық түсіріп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, ол ойын бизнесіне салықтық жеңілдіктер беріледі деген пікірлерді жоққа шығарды.

"Салықтарды төмендету туралы әңгіме жоқ. Казинолар әрбір ойын үстелі үшін салық төлейді. Жалпы салық түсімі екі-үш миллиард теңге көлемінде болады", - деді министр.

Үкімет алдағы уақытта ойын аймақтарының саны артуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

"Қазіргі уақытта осы аймақтар айқындалды, болашақта олар кеңеюі де мүмкін. Бұл туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр", - деп қосты Мырзабосынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus