Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа жүйе енгізу ұсынылды

Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға балл жинау жүйесін енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен жол қауіпсіздігі жөніндегі үйлестіру кеңесінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ құқық қорғау құрылымдарының өкілдері жол апаттарының негізгі себептерін талқылады. Асыловтың айтуынша, еліміздегі жол-көлік оқиғаларының басты себебі — жол қозғалысы ережелерін сақтамау.
Оның айтуынша, апатқа кінәлі жүргізушілердің 81 пайызы бұған дейін бірнеше рет ЖҚЕ бұзған. Мәселен, ШҚО-да бір жүргізуші бір жыл ішінде 32 рет ереже бұзып, оның 13-і – жылдамдықты арттыру деректері. 8 қаңтарда қарсы жолаққа шығып, салдарынан өзі және екі жолаушы қаза тапты. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанады.
Бас прокурор жүргізуші куәліктерін беру процесін қатаң бақылауға алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою керек екенін айтты.
Балл жүйесі қалай жұмыс істейді?
Генпрокуратура қайталанатын заңбұзушылықтарды жүйелі түрде алдын алу үшін цифрлық тіркеуге негізделген жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін баллдық есепке алуды енгізуді ұсынды.

"Бұл тәртіпті жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді уақытылы анықтауға және оларды көлік жүргізуден шеттетуге мүмкіндік береді. Баллдың шекті деңгейіне жеткен жүргізушілер емтихандарды қайта тапсыруға жіберіліп, бұл дайындық сапасы мен жолдағы тәртіпті арттырады", – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл қадам жүргізушілерді дайындау сапасын жақсартып, жолдағы тәртіпті күшейтуге бағытталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus