Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Казинода жасырын құрылғылар қолданған: Сиднейде қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды

Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казинода 1,18 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Мән-жайы

Полиция мәліметінше, 36 жастағы қазақстандық әйел казино қызметкерлерінің көзіне бірден түскен. Олар оның киіміндегі Микки Маус бейнесі түрінде жасырын мини-камераны байқап қалған. Күзетшіге хабар берілгеннен кейін оқиға орнына полиция шақырылып, әйел мен оның 44 жастағы күйеуі ұсталған.

Тінту барысында олардан магниттік зондтар, батареялар және жасырын түсіруге арналған арнайы телефон құрылғылары табылған. Сондай-ақ ұялы телефонға жалғанатын шағын айналы адаптер тәркіленді.Сиднейдегі жалдамалы пәтерлерінен қосымша ойын құрылғылары, әшекей-бұйымдар және 2 мың еуро табылған.

Полиция болжамына сәйкес, жұп Аустралияға 2025 жылдың қазанында келіп, сол күні-ақ казиноға мүшелік рәсімдеген. Қазан мен қарашада олар бірнеше рет үлкен сомада ақша ұтып, күдік тудырған.

Алдау схемасы

Тергеу нұсқасы бойынша, мобильді телефондар ойын үстеліндегі карталарды жасырын түсіріп, ақпаратты құпия құлаққап арқылы жеткізіп отырған. Осылайша олар тиімді сәттерде бәс тігіп, жүйені алдап отырған.

Қазақстандық жұптың ісі кепілпұл мәселесі бойынша сотта қаралды. Екеуі де бостандыққа шығу туралы өтініш бермеген, ал сот кепілмен босатудан бас тартты.

Әйелдің ісі 2026 жылдың ақпанына белгіленген, ал күйеуі 11 желтоқсанда сот алдында жауап береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus