Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Степногорск тұрғыны әріптесін ұрлап, азаптады деп айыпталды

Степногорскте "Алтыналмас" алтын өндіру компаниясының күзетшісі әріптесін ұрлады деп айыпталды. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, ер адам әйелді бір айға жуық ұстап, азаптап, есірткі берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Жазба Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Онда автор, өзін жәбірленушінің туысы ретінде таныстырып, қазанның аяғында оның әпкесін кен орнында жұмыс істейтін әріптес-күзетші ұрлап кеткенін мәлімдеген.

"Ол оны бір айға жуық белгісіз жерде ұстады. Тамақсыз. Сусыз. Күн сайын денесі әлсіреп, титықтап, салмағын, есін, әлін жоғалтты. Бірақ аштық пен шөл бергі жағы. Ол оны азаптап, қинап, есірткі салған, ұйқыдан және адамдық қадір-қасиетінен айырған. Ол нағыз тозақты басынан өткерген", – делінген пост мәтінінде.

Жазба авторының айтуынша, жәбірленуші терезеден қашып шығып, әрең дегенде құтылған.

"Ол аяқтарын жаралаған. Қан-жоса, әбден әлсіреген, киімсіз, әрең дегенде жолға жүгіріп шығып, адамдардан көмек сұраған", – деп жазды әйел.

Автордың айтуынша, туыстарын әйелге жақындатпай жатқан көрінеді. Сондай-ақ, әйел сексуалдық зорлық-зомбылық болған-болмағаны белгісіз екенін жазды. Ол жағдайды "екі жақтың келісімі" ретінде көрсетуге тырысуы мүмкін деп алаңдайды.

"Қылмыскер заңның бүкіл күшімен жазалануы тиіс. Қалада еркін жүріп, басқа біреуге де дәл осындайды қайталауы мүмкін", – деп жазды автор.

Полиция не дейді
Ақмола облысы ПД Tengrinews.kz тілшісіне әлеуметтік желіде жазылған мәліметтер бойынша тексеріс жүргізілгенін айтты.

"25 қарашада медициналық мекемеден есірткіге мас күйде түскен әйел туралы полицияға хабар түсті. Ауруханаға жедел-тергеу тобы жіберілді. Алғашқы тексеру нәтижесінде және Степногорск тұрғынымен сөйлескен кезде оған қатысты заңсыз әрекеттер деректері анықталмады", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ "әйелдің ешкімге шағымы жоқ, құқық қорғау органдарына арыз беруден бас тартты" деп толықтырды.

"Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырамыз", – деді полиция.

Дәрігерлер жауабы
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне әйелдің Степногорск психикалық денсаулық орталығында болғанын растады.
Баспасөз қызметі мәліметінше, 1 желтоқсанда ол ауруханадан шығарылып, туыстары үйіне алып кеткен.

"Пациенттің жағдайына қатысты мәліметтерді жариялауға құқығымыз жоқ, бұл — медициналық құпия", – деп хабарлады басқарма.

"АК Алтыналмас" АҚ пікірі
Желіде тараған постта оқиғадан кейін екі қызметкердің де жұмыстан босатылғаны айтылған.
Материал жарияланған сәтте компания бұл жағдайға қатысты жауап берген жоқ. Tengrinews.kz ресми сұрау жолдап, түсініктеме күтіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus