Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шымкент қаласында “Айкөл“ тұрғын ауданында су жүйесі іске қосылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі "Айкөл" тұрғын алабының тұрғындарымен бірге ауызсу жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты. Жоба тұрғындармен өткен көшпелі кездесу нәтижесінде жүзеге асып отыр. Кездесу барысында тұрғындар шағынауданды сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселе екенін атап өткен болатын.

Жоба аясында ұзындығы 14,7 шақырым болатын су құбыры желісі жүргізілді. Нәтижесінде 38 абонентке - тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға толыққанды ауызсу жеткізілімі қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде санитарлық-гигиеналық жағдайды айтарлықтай жақсартып, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттырады.

"Су қосылды, барлығына рақмет. Енді бәрі жақсарады деп үміттенеміз. Мүмкін, бау-бақша егіп, жеміс-жидек өсіруді де қолға алармыз", - деп өз қуанышын бөлісті Шымкент қаласының тұрғыны Назым Қалыбекова.


Қала әкімі жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен демеушілерге, сондай-ақ, жұмысты сапалы әрі уақытылы орындаған мердігер ұйымға алғыс білдірді. Қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізуге әкімдік, бизнес өкілдері және аудан тұрғындарының бірлескен жұмысы мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласының ауызсумен қамтылу деңгейі 99,5 пайызды құрайды. Әкімдік бұл көрсеткішті 99,9 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Биыл Текесу және Қызылжар-2 шағын аудандарында су жүйесі іске қосылды. Келесі кезекте 4,5 мыңнан астам үйі бар ірі Құрсай тұрғын алабы. Мұнда ауызсу жүйесі осы айда қосылады деп жоспарланған.

"Жоспарымызға сәйкес, биылғы желтоқсан айында Құрсай тұрғын алабында ірі инфрақұрылымдық жоба іске қосылады. Жоба жүзеге асқаннан кейін қаланың ауызсумен қамтылу деңгейі 99,9 пайызға жетеді. Бүгінде Текесу және Қызылжар-2 елді мекендеріне су берілді. Бүгін сондай-ақ Айкөл тұрғын алабы ауызсумен қамтамасыз етілді", - деп атап өтті Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Мендікұлов.


"Айкөл" тұрғын ауданында су жүйесінің іске қосылуы халықпен жүргізілген ашық диалог пен өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған міндеттердің жедел шешімінің нәтижесі болып отыр. Алдағы уақытта да коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғаса бермек, бұл өз кезегінде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Суреттер: Шымкент ІСБ

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus