Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Полиция Гүлнәр Бажкенованың үйіндегі тінту мен қылмыстық істер туралы айтты

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Orda порталының кеңсесінде, сондай-ақ бас редактор Гүлнәр Бажкенованың пәтерінде тінту басталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тарағат мәлімет бойынша, бас редактордың үстінен жалған ақпарат таратқаны туралы бірнеше шағым түсірген.
Полиция не дейді?
Алматы полициясы бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, түскен шағымдар бойынша бас редакторға қатысты "көрінеу жалған мәліметтерді бірнеше рет және қасақана тарату деректері" бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қазіргі уақытта арыз иелерінің уәждері жан-жақты тексеріліп жатыр.
Полиция дерегі бойынша, алдын ала тергеу барысында 2024 жылғы бір жарияланымда құқық қорғау органы қызметкерінің пара алып жатқан кезде ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралғаны анықталған. Тергеу материалдары бұл деректің шындыққа жанаспайтынын көрсеткен.

"Осылайша, Б.-ның әрекеттері жарияланымда көрсетілген қызметкердің кәсіби қызметі туралы қоғамда жалған пікір қалыптастырып, оның іскерлік беделіне зиян келтірген", – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, басқа бір материалда мүлік дауына қатысты зиян көлемі мен оның себептері туралы бұрмаланған мәліметтер жарияланғаны анықталған. Бұл да жәбірленушінің іскерлік беделіне айтарлықтай зиян келтірген.

"Бұдан бөлек, өткен жылдардағы жарияланымдарға қатысты зардап шеккендердің басқа да өтініштері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Олар да жалған және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін мәліметтерді қамтуы ықтимал", – деп түсіндірді полиция.

Ведомство мәліметінше, бас редактордың үйінде және жұмыс орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus