Күз, жүрекке сыбырлаған сырлы маусым
Күз... Бұл мезгілді сөзбен емес, жүрекпен сезінген абзал. Себебі күз, табиғаттың ғана емес, адамның ішкі әлемінің әсем өзгерісін айнадай көрсететін сырлы шақ. Жаздың қызуы басылып, күннің алтын нұры жұмсақ қоңыр салқынға айналғанда, әлем кенет баяу қозғалып, бәрі терең ойға шомғандай болады. Сол мезетте күздің сыбдыры жаныңа жайлап еніп, нәзік сырын шертеді.
Ағаштардың әр жапырағы табиғаттың алтынмен апталған хаты секілді. Олар бір-бірлеп жерге қалықтап түскенде, уақыттың ағымын сезесің. Жапырақтардың әлсіз қимылы кейде әндей күмбірлесе, кейде жүрекке қоңыр мұң сыйлайды. Бірақ сол мұңның да өз жылуы бар, күздің мелодиясы адамды бір сәтке тоқтатып, өткенге ой жүгіртуге шақырады.
Күзгі аспан да өзгеше. Күн...