Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атырау облысының тұрғындары мектептер құрылысының аяқталмай жатқанына шағымданды

Атырау облысының Есбол ауылында мектеп құрылысы бес жылға созылып барады. Келісімшарт бойынша білім ошағы 2022 жылы пайдалануға берілуге тиіс еді. Алайда мердігердің жауапсыздығынан құрылыс тоқтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Есбол ауылының тұрғындары бұл мектеп құрылысының аяқталуын бес жыл бойы күтіп жүр. Алғаш қолға алған мердігер жұмысты жартылай жасап тастап кеткен. Биыл құрылыс басқармасының араласуымен жұмыс қайта жанданды. Жаңа мердігер нысанды үшінші оқу тоқсанына тапсырамыз деп отыр.

"Қазір жұмыс 80 пайызға бітіп тұр. Қалған сыртқы қасбет жұмыстарын жасап жатырмыз және бардюр, сыртқы ойын алаңдарын салып жатырмыз. Іште де әлі жұмыстар жүріп жатыр. Кафель жапсыру жұмыстары бар", - деді құрылыс учаскесінің бастығы Нұржан Халидуллин.

Ауылдағы үш мектепте 800-дей оқушы білім алады. Оның біреуі 2020 жылы апатты деп танылған. Алайда балалар сол ескі ғимаратта сабақ оқып жүр. Сондықтан жаңа 300 орындық мектеп ауыл үшін айрықша маңызға ие.

"Бұл мектеп заманауи құрылыс талаптарына сай салынып жатыр. Мұнда үлкен сынып бөлмелері, оқу зертханалық бөлмелер, спорт залдар, асхана заман талаптарына сай салынып жатыр. Осы мектебіміз бітсе, ауыл халқына және оқушыларға үлкен жағдай жасалады", - деді Есбол ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерболат Сәбіров.

Сонымен қатар мердігерлердің жауапсыздығынан Индер кентіндегі мектептің құрылысы созылып барады. Келісімшарт талаптарын орындамағандар ісі сотқа жолданған.

"Сот шешіміне сәйкес мердігермен келісімшартты толықтай бұзған болатынбыз. Сонымен қатар, әрі қарай жұмыстарды жалғастыру үшін оның жобаларын міндетті түрде қайта есептеу керек болды. Сол себептерге байланысты мектептің жалпы концепциясын, сыртқы келбетін және де ішкі жабдықтарын толықтай өзгертіп, жобаны қайта жасадық", - деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Атырау облысы үшін мектеп мәселесі әлі де өзекті. Қазір балалар бес білім ошағында үш ауысымда оқиды. Осыған орай, 19 мектептің құрылысы басталған. Алтауының құрылысы кестеден кешігіп жатыр. Жергілікті билік өкілдері мердігер мекемелерге талапты күшейтті. Жыл соңына дейін төрт мектеп қолданысқа берілуге тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus