Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Ешкімге айтпауды сұраған“. Атыраудағы мектепте қыздар арасындағы жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды

Атырауда жекеменшік мектептердің бірінде 11-сынып оқушысына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазір күдікті анықталды. Оның заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алу жүргізілген, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр.
Құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгінбегені үшін сынып жетекшісі мен мектеп директоры бойынша іс материалдары Атырау облысының білім беру сапасын бақылау департаментіне жолданды.

"Құқық бұзған кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне қойылды, ал оның ісіне қатысты жиналған материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады", – делінген хабарламада.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, оқиға "Тағылым" жекеменшік мектебінде болған. Оқушы қыздың әпкесінің айтуынша, қыз дәретханада басын унитазға ұрып, ауыр жарақат алған.

Әпкесінің сөзінше, мектеп қызметкерлері қанның ізін жуып, балалардан ештеңе айтпауды сұраған. Мектеп әкімшілігі қыз бен сыныптастарынан үндемеуді өтінгенін, ал жарақат алған оқушы бастапқыда отбасына жай ғана тайып құлағанын айтқан. Кейін қыз жанжалдасу кезінде қатарластары оны итеріп жібергенін мойындаған.
Туысының айтуынша, оқиға болған күні мектеп ата-аналармен байланыспаған. Не сынып жетекші, не әкімшілік болған жайт туралы және баланың жағдайы жөнінде хабарламаған. Отбасы оқиға туралы тек кешкісін – сыныптасының анасынан білген.
Атырау облысының білім басқармасы мектепте ішкі қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, мектеп қызметкерлері "дұрыс әрі жедел әрекет еткен".
Сондай-ақ, басқармада мектеп қызметкерлері оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткенін және оны бірден медициналық тексеріске баруға үгіттегенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, қыз бұған келіспей, травмпунктке тек ағасымен бірге баратынын айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus