Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары Airbus ұшақтарының бағдарламалық қамтылымын 29 қарашада кешке дейін толық жаңартады. Қазір екі әуе компаниясының 18 ұшағында EASA шұғыл директивасына сәйкес жаңарту жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Мәселе қай ұшақтарға қатысты болмақ?
Комитеттің мәліметінше, Air Astana және FlyArystan паркінде 38 Airbus ұшағы бар. Оның ішінде 5 ұшақты жаңартудың қажеті жоқ.Қалғандары:

3 ұшақ – Ақтауда,4 ұшақ – Астанада,6 ұшақ – Алматыда жаңартылады.

Жоспарлы немесе жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан ұшақтарға бұл жаңарту сол қызмет аяқталғанша жасалады.Әуежайлар қалай жұмыс істеп жатыр?
Азаматтық авиация комитеті Астана мен Алматы әуежайлары қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын, рейстер кесте бойынша орындалып жатқанын мәлімдеді.
Жолаушыларға өз рейстерін алдын ала әуе компанияларының сайттарында тексеру ұсынылады.
Бағдарлама неге шұғыл жаңартылып жатыр?28 қарашада Airbus компаниясы барлық әуекомпанияға биікке жауапты рульді басқаратын бағдарламаны шұғыл түрде жаңартуды міндеттеді. Бұл жаңарту әр ұшақ келесі рейске ұшпай тұрып жасалуы керек. Сол себепті Air Astana мен FlyArystan компанияларындағы Airbus ұшақтарының рейстері кешіктірілді.
Мәселе неден басталды?
Бұл директива Airbus A320 ұшағымен болған оқиғадан кейін шығарылған. Автопилот қосулы кезде биікті басқару жүйесі қысқа уақытқа істен шығып, ұшақ тосын жерден төмендей бастаған.
Тексеру барысында күн сәулесінің әсері ұшақты басқару жүйесіндегі маңызды деректерді зақымдауы мүмкін екені анықталған. Жалпы бұл мәселе әлем бойынша шамамен 6 мың A320 лайнеріне қатысты болып отыр.
Air Astana мен FlyArystan әуе паркіндегі ұшақтардың басым бөлігі – Airbus A320.
Бұл жолаушыларға қалай әсер етті?
Сол себепті 28-інен 29-ына қараған түнде көп жолаушы рейске отырғызылмаған, ұшаққа кіріп қойғандарды да кейін түсірілген. Олар бұл туралы әлеуметтік желілерде жазды.
Осы жағдайға байланысты Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде жолаушыларға көмектесу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін кол-орталық іске қосқанын хабарлады. Сонымен қатар, ААК бағдарламалық қамтылымды жаңарту жедел жүріп жатқанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus