Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Самұрық-Қазынадағы“ ауқымды аудит қорытындысы жарияланды

Жоғары аудиторлық палата "Самұрық-Қазына" АҚ-дағы аудитті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тексеріс барысында қордың корпоратив орталық ретіндегі қызметі, сондай-ақ, "Қазатомөнеркәсіп", Samruk-Kazyna Ondeu және басқа да бірқатар компания қамтылған. Жалпы 18 заңды тұлғаға аудит жүргізілген.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша қордың компаниялар тобының кірісі 16,5 трлн теңге, ал холдингтің компаниялар тобының таза пайдасы 2,4 трлн теңге болды. Аудит қамтыған кезеңде холдинг мемлекетке 2,37 трлн теңге төлеген, оның 779,9 млрд теңгесі дивидендтер түрінде, 1,6 трлн теңгесі активтерді бәсекелестік ортаға беру есебінен аударылды. Қор қосымша тағы 673 млрд теңгеге ҚР Президенті мен Үкіметінің тапсырмаларын іске асырды", - деп жазылған хабарламада.

Не анықталды?
Аудиторлар қордың компаниялар тобындағы стратегиялық жоспарлау мен басқарудағы кемшіліктерін анықтаған.

"2018-2021 жылдарға арналған қорды трансформациялау бағдарламасының 8 компанияны шетелдік аналогтардың тиімділік деңгейіне шығару мақсаты орындалмаған. Бағдарламадан түскен нақты пайда көлемі - 154,5 млрд теңге, яғни жоспарланған мөлшерден екі есе төмен. Қордағы корпоратив басқару деңгейінің жеткіліксіздігі байқалды. Стратегиялық құжаттарды тиісінше әзірлемеу, жоспарлы көрсеткіштерді төмендету тіркелген, холдингтің даму жоспары орындалуына бақылауды күшейту қажет. 7 ақпараттық жүйенің ішінде қор тек 4 жүйені пайдаланады", - деп жазылған хабарламада.

Аудиторлар мәліметінше, басқарушылық есеп жүйесі (SAP BPC) дұрыс жұмыс істемейді, ал бірқатар компания бойынша қаржылық есеп қолмен жүргізіледі.

"Самұрық-Қазынада" ішкі нормативтік құжаттарды жүйелеуге жеткілікті көңіл бөлінбейді. Олардың шамамен 15%-ы қолданылмайды, қайта қарауды немесе күшін жоюды талап етеді. "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесі жанындағы 5 комитеттің 3-еуі (Стратегия жөніндегі, Трансформация бағдарламасының орындалуын бақылау жөніндегі, Мамандандырылған комитет) жұмыс істемейді. Ал қор басқармасы жанындағы 7 комитеттің 2024 жылдан бері 2-еуі (Жаңғырту және Тұрақты даму жөніндегі) жұмыс істемейді. Нәтижесінде холдингтің құрылымы тым күрделі күйге жеткен", - деп жазылған хабарламада.

Қор тобына 6 деңгейге бөлінген 326 компания кіреді.

"2020-2024 жылдары қор тобында 23 белсенді емес компания болған, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41 компания жылды шығынмен аяқтаған. Бұл активтер құрылымын оңтайландырудың және оларды тиімді басқарудың маңызды әлеуетін көрсетеді. Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды түбегейлі күшейту қажет, себебі 2020 жылдан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін қор тобының 175 жобасының 49-ы ғана аяқталған", - деп жазылған хабарламада.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша:

351,8 млн теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар;
122,2 млрд теңге сомасында тиімсіз жоспарлау және қаражатты пайдалану дерегі анықталған;
119 жүйелік кемшілік тіркелді.

Бірқатар материал әкімшілік іс қозғау үшін жолданды, ал анықталған кейбір істер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus