Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қысқа видеолар миға қалай әсер етеді - зерттеу

TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts сияқты платформалар ақпарат тұтыну әдетімізді түбегейлі өзгертті. Олар көңіл көтереді, жаңа дүниеге үйретеді, жарнама мен саясатқа әсер етеді. Бірақ жаңа зерттеулер үздіксіз скроллинг мидың жұмысына елеулі әсер етуі мүмкін екенін көрсетіп отыр, - деп жазады Tengri Life.
Зерттеу нені көрсетті?
Аустралияның Гриффит университеті ғалымдары 71 ғылыми мақала негізінде 100 мыңға жуық адамның мәліметін талдап, қысқа видеолардың көңіл-күй мен ойлау қабілетіне ықпалын зерттеген.
Нәтижесінде:

қысқа роликтерді жиі қарау ми қызметінің төмендеуіне,назардың нашарлауына,реакцияны бақылау қабілетінің әлсіреуіне әкелетіні анықталды.

Бұл жасөспірімдерге де, ересектерге де ортақ әсер. Зерттеу Гроувс пен Томпсонның "үйрену және сезімталдықтың қос теориясына" сүйенеді, ол когнитивтік процестердің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.
Аустралиялық зерттеушілер бірнеше маңызды қорытындыға келген:

Қысқа әрі жылдам видеолар тәуелділік тудыра алады,миға үнемі күшті стимул берілгендіктен, уақыт өте келе кітап оқу, тапсырма орындау сияқты баяу әрекеттерге қайта көңіл бөлу қиындайды,алгоритмдер импульсивтілікті күшейтеді,әр видео жылдам ләззат беретіндіктен, адам тез әсер алуға бейімделеді.

Қысқа видеоларды шамадан тыс көру:

әлеуметтік оқшаулануды,өмірге қанағаттанудың төмендеуін,ұйқының бұзылуын,мазасыздықтың артуын тудыруы мүмкін.

Зерттеушілер бұл әсердің барлық жас топтарында байқалатынын айтады: қысқа видеоларға көп уақыт жұмсайтын адамдардың назарын ұстап тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді.
НәтижеҒалымдар қысқа видеоларға тәуелділікті өлшейтін арнайы шкала жасап шықты. Бұл болашақ зерттеулерге көмектеспек.
Зерттеу авторлары қысқа видеолардың қарқынды таралуы олардың адамның ойлау қабілеті мен мінез-құлқына әсерін тереңірек зерттеуді талап ететінін айтады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus