Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті.

– Бүгін – біз үшін тарихи әрі қуанышты күн. Әулие-Ата жерінде жаңа футбол дәуірінің басталуын бірге атап отырмыз.

Салынатын бұл нысан – тек ғимарат қана емес, болашақ чемпиондардың ордасы, ел намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғайтын жаңа буын футболшылардың жолын ашатын маңызды қадам.

Біздің өңір – қазақ футболының қайнар бұлағы. Осында өсіп, талай жанкүйердің жүрегін жаулаған даңқты спортшылардың есімі біз үшін зор мақтаныш, кейінгі толқынға үлгі.

Бүгін капсуланы салтанатты түрде орналастыру – алда күткен үлкен жетістіктердің нышаны. Бұл академиядан ел сенімін арқалайтын дарынды, талапты жас футболшылар өсіп шығатынына кәміл сенеміз.

Жаңа академия қазақ футболына тың серпін беріп, бізді жаңа белестерге бастай берсін! – деді Ербол Қарашөкеев.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория және «Halyk» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов жаңа академияның қазақ футболын дамытудағы рөліне тоқталды.

Сонымен қатар футбол ардагері Георгий Хутиди мен «Тараз» футбол клубының түлегі, белгілі футболшы Нұркен Мәзбаев жобаны іске асыруға атсалысып жүрген азаматтарға өз алғыстарын білдірді.

Құны шамамен 3,5 млрд теңгені құрайтын футбол академиясында жасөспірімдердің кәсіби өсуі мен дамуына ерекше назар аударылады. Бұл үшін заманауи материалдық база жасақталып, тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді, ал оқу-жаттығу процесінде ғылыми негізделген әдістемелер қолданылмақ.

Жас футболшылардың жайлы өмір сүруі үшін 100 орындық жатақхана салу жоспарланып отыр.

Академия 2027 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, жоба Қазақстан футбол федерациясы, «Halyk» қайырымдылық қоры және Жамбыл облысы әкімдігі арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылуда.

Сообщение Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus