«Ақ жол»
1920 жылдың 7 желтоқсанында Ташкентте «Ақ жол» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Ол «Қазақ» газетінің дәстүрін жалғастырып, жаңа саяси жағдайда ұлттық ойды жаңа деңгейге көтере алған басылым болды. «Қазақта» көтерілген ұлт мүддесі енді кеңестік билікпен бетпе-бет келіп, нақты өмір тәжірибесінде сыналды.
Бұған дейін «Қазақстан», «Қазақ» газеттері мен «Шолпан» журналының материалдары жинақ ретінде жарияланған болса, енді сол қатарға «Ақ жол» да қосылды. Газет материалдары Ханбибі Есенғарақызының құрастыруымен транскрипцияланып, «Алашорда» қоғамдық қорының қолдауымен 25 том болып жарық көруі — «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы маңызды еңбек.
«Ақ жол» — «Қазақ» газетінің демократиялық бағытын жалғаған ұлттық басылымдардың бірі. Ол Түркістандағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді халыққа...