Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада қосалқы станция өртінен сол жағалаудың тұрғындары жарықсыз қалды

Астанада сол жағалаудың тұрғындары жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz мәліметінше, апат салдарынан Сығанақ көшесіндегі "Жасыл квартал" тұрғын үй кешені, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" мен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компанияларының ғимараттары жарықсыз қалған. ТҮКШ басқарушы компаниясы электр энергиясының қаладан берілетін желі жағынан өшірілгенін мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 22 қарашаға қараған түні Нұра ауданында, Сығанақ көшесінде трансформаторлық қосалқы станцияда кабельдің тұтанғанын хабарлады. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Түнде 109 iKomek қызметі "Тұран" қосалқы станцияда апатты ажырау болғанын хабарлады. Соның салдарынан мына мекенжайлардағы тұрғындар жарықсыз қалды:

"Жасыл квартал" ТҮК , Сығанақ көшесі (бұрынғы Е-10), үйлер: 17, 17п, 17р, 17с, 17н, 17л, 17е, 17в, 17д, 17г.
"Аура" ТҮК , Е-900 көшесі, 2-учаске.
"Асыл Мұра" ТҮК , Мұхамедханов көшесі, 4В, 4П, 4Г учаскелері.
Төлеби көшесі, 61, 65-үйлер.
Freedom ТҮК , Сығанақ көшесі, 15, 15/1.
GreenLine. Headliner Exclusive 1 ТҮК , Төлеби көшесі, 52.
Greenline Astra ТҮК , Е-900 көшесі, 10.
GreenLine. Flora 2 ТҮК , Е-900 көшесі, 6-үй.

Апат жұмыстары сенбіде таңғы сағат 5-те аяқтаймыз деп уәде етілген. Алайда бұл аудандардың тұрғындары әлі күнге дейін үйлерінде жарық пен жылудың жоғына шағымданып отыр.
Редакция "Астана-ӨЭК" компаниясына пікір сұрап жүгінді. Ондағылардың айтуынша, "Тұран" қосалқы станциясында сағат 01:06-да технологиялық ақау болып, РП-217-ні қоректендіретін №106 және №210 ұяшықтары ажырап қалған. Жедел бригадалар 01:09-да оқиға орнына жеткен. Барған кезде РП-217 жұмысындағы ақау расталды.

"Қазір РП-217-де электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған жедел-шығу қызметінің 3 бригадасы, сондай-ақ, Есіл ӨЭС-інің, сынақ және диагностика қызметі мен кабель желілері қызметінің бригадалары жұмылдырылды", – деп хабарлады "Астана-ӨЭК"-те.

Үйлердегі ең қажет мұқтажды қамтамасыз ету үшін дизель-генераторлық қондырғылар қосылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus