Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жуалы ауданында жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары ел игілігіне пайдалануға берілді

Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат және Диқан ауылдарында маңызды әлеуметтік нысандар – кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасы ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл жобалар ауыл жастары мен бүлдіршіндерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спорт пен ойын мәдениетін дамытуға бағытталған.

Жобалардың тапсырыс берушісі – «Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты» КММ. Қайрат ауылындағы кіші футбол алаңшасының құрылысын «ЖамбылСуБур» ЖШС, ал Диқан ауылындағы балалар ойын алаңшасының құрылысын «Cassat Constructions» ЖШС жүзеге асырды.

Ауданда халықты спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 74,1 пайызды құрап, қазіргі таңда 172 спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде – 1 стадион, 3 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 108 спорттық алаңша және 48 спорт залы бар. Биылғы жылы шорт-трек, шаңғы және самбо спорт түрлерінен жаңа секциялар ашылды.

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындар саны 22 566 адамды құрап, бұл жалпы халық санының 42,5 пайызын құрайды. Қазіргі таңда Көлтоған, Қарасаз және Нұрлыкент ауылдарында жаңа спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Сообщение Жуалы ауданында жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары ел игілігіне пайдалануға берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus