Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ШҚО-да ЖРВИ мен гонконг тұмауын жұқтырғандар көбейді

Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ (ОРВИ) жұқтырғандар саны өсіп отыр, гонконг тұмауына қатысты 25 жағдай расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Евгений Пивоваров мәлімдеді.

"Облыста жедел респираторлық вирус инфекцияның 63 035 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 38 673 жағдай. 2024–2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда сырқаттану 15,9 пайыз артты. Зертханада расталған тұмаудың 25 жағдайы тіркелді, барлық жағдайда A/H3N2 вирусының штаммы анықталды, олардың 10-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді", – деді ол.

Оның айтуынша, бір жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және тұмауға қарсы егілгендер арасында гонконг тұмауының жағдайлары анықталмаған.
Бүгінгі таңда облыста 77 мың тұрғын тұмауға қарсы вакцина алды, бұл - халықтың 10 пайызы. Оның ішінде қауіп тобына жататындар – 75 мың адам, жұмыс берушілер есебінен – 1 820 адам, ақылы негізде – 180 адам егілген.

"Вакцинация науқаны аяқталды. Ауру кезінде екпе салдыруға болмайды: иммунитет екпеден кейін тек 10–14 күннен соң қалыптасады, сондықтан суық тиген кезде екпе алудың мәні жоқ", – деп түсіндірді Пивоваров.

Дәрігерлер науқастарды вирусты таратпауға шақырып, дене қызуы, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік секілді алғашқы белгілер пайда болғанда үйде қалуға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова эпидемиологиялық маусымның басынан, яғни 2025 жылғы 1 қыркүйектен бері елімізде ЖРВИ-дің 1 461 819 жағдайы тіркелгенін хабарлаған. Ауруға шалдыққандардың 963 847-сі – 14 жасқа дейінгі балалар, бұл барлық жағдайдың шамамен 66 пайызы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus