Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада үш құрылысшы биіктен құлап кетті: полиция тергеу бастады

Астана полиция департаменті бес қабатты ғимараттан құлаған жұмысшыларға қатысты оқиғадан кейін тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы редакцияға ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.

"Жұмысшылардың 5-қабаттан құлауына байланысты, құрылыс кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді департамент өкілдері.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, үш ер адам құрылыс люлькасының құлау салдарынан зардап шеккен.
Еске салайық, бұған дейін Tengrinews.kz редакциясына зардап шеккен жұмысшылардың бірінің ұлы хабарласқан еді. Рақым Әділгерейдің айтуынша, оқиға 18 қарашада шамамен сағат 11:00-де болған.
Оның сөзінше, жұмысшылар шамамен 15 метр биіктен – құрылысы жүріп жатқан Attila тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан (Күлтегін көшесі, 16 мекенжайы) құлап кеткен.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 18 қарашада ауыр жарақаттармен үш ер адам жеткізілгені айтылды.
1981 жылы туған науқасқа күрделі ота жасалған:дәрігерлер бас сүйегін ашып (трепанация), маңдай сүйегінің және маңдай қуыстарының көп жерден сынған бөліктерін алып тастады, кейін мидың қатты қабығын қайта қалпына келтірді (пластика жасады). Оның жағдайы ауыр, 1997 жылы туған екінші ер адамның да жағдайы ауыр.1984 жылы туған үшінші зардап шеккен адамның жағдайы – орташа ауыр.
Орталықтағылардың айтуынша, оларға қажет арнайы медициналық көмек көрсетілген, ота жасалған, дәрігерлер науқастарды толық бақылауда ұстап, емдеуді жалғастырып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus