Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында балалар 70 жыл бұрын салынған үйде оқуға мәжбүр

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Жылыбұлақ ауылында оқушылар ескі үйде оқуға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Бастауыш сыныптың 30 оқушысы мен 15 мұғалім ескі ғимараттың төрт бөлмесіне сыйып отыр. Телеарна мәліметінше, бұл үй бұрын тұрғын үй ретінде пайдаланылған, ал 21 жыл бұрын бастауыш мектепке берілген. Орын жетіспегендіктен, жоғары сынып оқушылары білім алу үшін көрші ауылдарға 7 шақырым жол жүруге мәжбүр.
Бұрынғы үйдің салынғанына шамамен 70 жыл болған. Бұл уақыт ішінде ғимарат әбден тозған: шатырдан су ағады, қабырғалары шатынаған. Сондай-ақ жылу, су, электр жарығы да көңіл көншітпейді, ал дене шынықтыру сабақтары далада өткізіледі.

"Мектептің жағдайы өте нашар. Біз бірнеше рет жергілікті билікке жүгіндік, бірақ олар салып береміз деп құр уәде береді. Сөзден ары аспай жатыр", – дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Ал Жуалы аудандық білім бөлімінде ауылда үлкен мектеп салу жоспарда жоқ екенін айтқан. Халық саны аз болғандықтан, бұл экономикалық жағынан тиімсіз деп саналады. Сондықтан 50 орындық жаңа бастауыш мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

"Асханасы мен спорт залы бар заманауи бастауыш мектеп саламыз. Оқуға барлық жағдай жасалады. Ал 5–11-сынып оқушылары Қошмамбетов атындағы мектепте оқитын болады", – деді Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Шертаева.

Енді республикалық бюджеттен қаржы бөлінуін күту ғана қалды. Қаражат бөлінсе, мектептің құрылысы келесі жылы басталады.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы Құшаман ауылының оқушылары әкімдік ғимаратында оқып жатқаны хабарланған еді. Сол ғимаратта балабақша, кітапхана және тіпті полиция бөлімшесі де орналасқан. Ауылдағы мектеп апатты жағдайда деп танылып, оны сүру жоспарланған. Соның салдарынан 120 бала мемлекеттік қызметкерлермен бір ғимаратты бөлісуге мәжбүр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus