Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Лицензиясыз жұмыс істеген: қызметкерлерге ондаған миллион теңге айыппұл салынды

Жетісу облысының денсаулық сақтау ұйымдарында заңбұзушылықтар анықталды. Қаратал ауданының прокуратурасы тұрғындарға міндетті сертификаттары жоқ және медициналық қызметке лицензиясыз медициналық көмек көрсетілгенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған заңбұзушылықтар үшін медициналық ұйымдардың 20 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында – орталық аудандық аурухананың бас дәрігері мен оның орынбасарлары бар. Оларға жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған. Олар заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет, дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу және лицензиялау нормаларын сақтамау бойынша айыпталған.

Сондай-ақ, прокуратура халықты вакцинациялау ережелерінің бұзылғанын анықтады. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша төрт ауылдық аурухана меңгерушісіне 157 280 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Прокурорлардың айтуынша, бюджетке 12,8 миллион теңге көлемінде қаражат өтелді.

Еске салайық, Қазақстанда жеке процедуралық кабинеттер иелеріне заңбұзушылықтар үшін 15 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, талап бұзған немесе лицензияға қажетті қосымшалары жоқ 406 нысан анықталған. Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 кабинет "ерікті түрде қызметін тоқтатты".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus