Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Цифрландыру тәжірибесі: ЖАСҰО мамандары кәсіпорынның маңызды өнімдері туралы айтып берді

Жол активтері сапасы ұлттық орталығы халықаралық Qaztraffic көрмесіне қатысып жатыр.
ЖАСҰО құрылғалы бері қызметіне цифрлық және автоматтандырылған технологияларды біртіндеп енгізіп келеді. ЖАСҰО мамандары қолға алынған технологиялық өнімдер туралы айтып берді. ЖАСҰО Цифрландыру басқармасының бас маманы Кирилл Гриненко KazRoad VR виртуалды жаттықтырғыш қалай жұмыс істейтінін баяндады. Инновация жол саласында оқыту, аттестациядан өту және емтихан өткізу сынды қызметтерді атқаруға мүмкіндік бермек.

"Бұл жаттықтырғыш Қазақстан үшін ноу-хау өнім саналады, яғни компаниямыздың ресми патенті. Ол еліміздің бірқатар университетінде қолға алынды. Өзбекстан, Ресей мен Германия елдеріндегі шетелдік серіктестеріміз де оған қызығушылық танытып отыр", - дейді Кирилл Гриненко.

ЖАСҰО сапа бақылауы бөлімінің басшысы Азамат Шубеков болса, сынамаларды QR-кодтау жүйесі не үшін енгізілгенін айтып берді.


"KazRoadLab деп аталатын бағдарламада инженерлердің сапары мен жол-құрылыс материалдары туралы барлық дерек бар. Сынамаларды мамандар іріктеп алып, арнайы пакеттерге салады, одан соң оларға QR-код жабыстырылады. Бұл шара ауыстыру жағдайларын болдырмауға бағытталған", - дейді Шубеков.

ЖАСҰО жұмысы лабораториялық зерттеулер саласында да біршама ілгерілеген.

"Сынақтар жүргізген кезде бағдарлама таразылардағы деректерді есептейді, сөйтіп олар жүйеге жолданады. Деректерді түзеу немесе ақпараттарды ауыстыру мүмкіндігі ешкімде жоқ", - деп атап өтті ЖАСҰО астаналық лабораториясының меңгерушісі Дархан Арықпаев.


Сонымен бірге орталықтың ведомстволық сараптамасының жаңартылуы да ерекше назарда. ЖАСҰО цифрлық құжаттарды енгізу бойынша маңызды жұмыс атқарды, кәсіпорын «бір терезе" тәсілі арқылы ведомстволық сараптама порталын жасап шығарды.

"Барлық жұмыс портал арқылы іске асады: әр кезеңнің цифрлық ізі қалады. Үш кезеңнің барлығынан өткен жағдайда тиісті қорытынды шығады. Ол автоматты түрде жасалады, тапсырыс беруші оны порталдан да жүктеп ала алады", - дейді ЖАСҰО ведомстволық сараптама бөлімінің басшысы Марат Валиев.


Қазіргі таңда орталықта ел президенті енгізуді тапсырған Е-JOLDAR жүйесін жасау аяқталып жатыр. Алты модульдан (Жол паспорты, Қоғамдық бақылау, Ситуациялық орталық, Жолдарды жөндеу, Сараптама) тұратын платформа 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus