Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Адам пайдасын көрсе, өтірікке тез сенеді - зерттеу

Солтүстік Қытай ғылым және технология университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу адамның миы өзіне пайда әкелуі мүмкін "жағымды өтірікке" өте тез сенетінін көрсетті, - деп жазады Tengri Life.
Зерттеу қалай жүргізілген?
Science Daily мәліметінше, тәжірибеге 66 ересек адам қатысқан. Олар жұп болып хабарлама алмасқан. Әр хабарлама екі түрлі мәнде болған:

пайда әкелуі мүмкін ақпарат,зиян немесе шығынға әкелуі мүмкін ақпарат.

Қатысушылар бір-бірімен экран арқылы сөйлескен, бұл зерттеушілерге ақпарат ағынын толық бақылап, мидың нақты уақыттағы реакциясын қадағалауға мүмкіндік берді.
Нәтиже нені көрсетті?
Егер ақпарат қатысушыға пайда әкелуі мүмкін болса, мидың марапатқа жауап беретін бөлігі бірден белсенді болады. Мұндай кезде адамдар күмәнді болса да, жалған ақпаратқа жиі сеніп қалған.
Зерттеудің бір қызық тұсы - достар арасындағы байланыс. Егер "жағымды өтірік" жақын адамнан келсе, олардың ми белсенділігі сәйкестене бастайды. Бұл синхрондау контекстке байланысты өзгерген:

пайда күтілген кезде - марапаттау аймағы күшейеді,қауіп бар кезде - қауіпті бағалау аймағы белсенді бола түседі.

Мидағы осындай үйлесім адамның досының сөзіне сенетінін алдын ала болжауға мүмкіндік берген.Ғалымдар қорытындысы
Адамды алдап жатқанын түсіну үшін тек айтылған сөзге қарау жеткіліксіз. Контекст, жағдай, адамның ниеті және оның сізбен қарым-қатынасы да үлкен рөл атқарады.Әсіресе, тым керемет уәделерге абай болу керек. Ми пайдаға бағытталған ақпаратты автоматты түрде "жақсы" деп қабылдап, адамды жаңылыстыруы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus