Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Фиброцемент, шыңдалған шыны және есік өндірісі – Жамбыл облысында алғашқы шағын өнеркәсіптік аймақ ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында алғашқы шағын өнеркәсіптік аймақ іске қосылды. Бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Жобаны іске асыруға «Тараз» ӘКК мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдау көрсетті. Жоба құны –  1,4 млрд теңге, бастамашы – «I Cons» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде басталған.
Шағын өнеркәсіптік аймақ «Тараз» индустриялық аймағында орналасқан. Мұнда кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар ұсынылып, бұл бастапқы шығындарды едәуір азайтып, өндірісті қысқа мерзімде жолға қоюға мүмкіндік береді. Бұл шешім жаңа өндіріс ашуды жоспарлаған кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымға қол жеткізу мәселесін тиімді шешеді.
Кешенде жалпы аумағы 10 000 шаршы метрді құрайтын төрт өндірістік корпус бар. Онда шыңдалған шыны, фиброцемент плиталары және есік өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Өнімдер қазірдің өзінде сұранысқа ие. BI Group сияқты ірі құрылыс компаниялары оларды тұрғын үйлер салуда пайдаланып жүр.
Фиброцемент плиталарын шығаратын кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 140 мың шаршы метр. Ал есік жасайтын өндіріс орны жылына 50 мың  дана өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өнімдер заманауи, жайлы мектептер құрылысына да қолданылуда.
Жоба іске қосылу нәтижесінде шамамен 100 жаңа жұмыс орны құрылды. 2025 жылдың III тоқсанында шағын өнеркәсіптік аймақ толық пайдалануға беріліп, кәсіпорындар тұрақты жұмыс режиміне көшті, ал өнімдеріне сұраныс жоғары.

Сообщение Фиброцемент, шыңдалған шыны және есік өндірісі – Жамбыл облысында алғашқы шағын өнеркәсіптік аймақ ашылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus