Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында бу-газ электр станциясының құрылысы басталды

Жасыл энергия өндіруде республикада көш бастап келе жатқан Жамбыл облысында тағы бір жоба жүзеге асырылады. Бүгін қуаттылығы 50 МГват болатын бу-газ электр станциясының капсуласы салынды. Шараға аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев пен инвесторлар қатысты.
Салтанатты шараға «Жамбыл Invest: жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары» атты республикалық баспасөз турына келген журналистер де жиналды.
– Электр энергиясы – экономиканың да, қоғамның да тұрақты дамуының негізгі тірегі. Өндірістің артуы, инфрақұрылымның кеңеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы – мұның барлығы сапалы әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
Бүгін іске асырылғалы отырған қуаты 50 МВт бу-газ электр станциясы – жай ғана жаңа өндіріс емес. Бұл – тиімділігі жоғары, экологиялық тұрғыдан таза технологияларды енгізу арқылы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтетін маңызды жоба.
Жобаны жүзеге асырып отырған инвесторларға алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Аталған жоба Жамбыл ауданына қарасты Әулиекөл ауылында «GES Мырзатай» ЖШС бастамасымен жүзеге асырылуда. Инвестицияның жалпы көлемі – 60 млн АҚШ доллары. Жоспар бойынша жоба екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде қуаты 50 МВт болатын бу-газ электр станциясы салынады, ал екінші кезеңде оның қуаты 150 МВт-қа дейін ұлғайтылады. Нәтижесінде станцияның жалпы қуаттылығы 200 МВт-қа жетеді.
Жоба жетекшісі Хоу Чуаньцюньнің айтуынша, инвестициялық бастама аясында жер телімін рәсімдеу, инженерлік іздестіру, жобалау және тиісті келісу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді.
Қазіргі таңда 7 гектар жер бөлінді. Құрылысты жүзеге асыратын мердігер ұйым таңдалды. Гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіліп, 185 метр тереңдікте ұңғыма бұрғыланды. Сондай-ақ газбен жабдықтау бойынша тиісті техникалық шарттар алынды.
Құрылыс жұмыстарына 500-ге жуық адам тартылады, бу-газ электр станциясы толық қуатына шыққанда 80 жаңа жұмыс орны ашылады.
Айта кетейік, Жамбыл облысында жалпы қуаты 1721,3 МВт болатын 24 энергетикалық нысан жұмыс істейді. Олардың ішінде ең ірісі – қуаты 1107 МВт болатын «Жамбыл ГРЭС» кәсіпорны.
2025 жылдың 10 айында өңірде 3,6 млрд кВтсағ электр энергиясы өндіріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға артып отыр.

Сообщение Жамбыл облысында бу-газ электр станциясының құрылысы басталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus