Теңгенің пайда болу тарихы қандай?
Бүгін, 15 қараша, Қазақ елі үшін ерекше күн. Дәл осы күні тәуелсіз ел екенімізді айқындайтын ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Теңгенің айналымға енуі тек қаржылық қана емес, сонымен қатар тарихи-саяси маңызы бар оқиға. 1993 жылы 15 қарашада тұңғыш теңгенің айналымға шығуы – Қазақстанның Тәуелсіздігін толыққанды танытқан , экономикалық жағдайымызды жақсартқан бетбұрыс кезең болды. Ұлттық валютаның болуы – мемлекеттің өз ақша-несие саясатын жүргізуге, инфляцияны бақылауға және елдің ішкі ресурстарын басқаруға мүмкіндік беретін басты құқығы.
Қазақстанның рубль аймағынан шығуға мәжбүр болуы – кездейсоқтық емес, қажеттілік еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін пайда болған жоғары инфляция мен рубльдің құнсыздануы ел экономикасын әлсіретті....