Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

QR-код арқылы ұсыныс білдіру жүйесі: “Шымкентті дамытуға халықтың үлесі“ жобасы іске қосылды

Шымкент қаласында тұрғындар пікірі мен ұсыныстарын тікелей қабылдауға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен жүзеге асқан "Шымкентті дамытуға халықтың үлесі" жобасы шаһар тұрғындарына қаланың өркендеуіне қатысты өз ойларын еркін әрі оңай жеткізуге мүмкіндік береді.
Әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен шаһарды аралауы барысында азаматтардан қала инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерге, әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар түседі. Енді бұл пікірлер арнайы цифрлық жүйе арқылы жедел қабылданатын болады.

Жоба аясында алдағы уақытта қоғамдық орындарда, мекемелерде, аялдамалар мен автобустарда арнайы QR-кодтар орнатылады. Кодты сканерлеген кез келген тұрғын қала дамуына қатысты өз ұсынысын онлайн түрде жолдай алады. Бұл - тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді кері байланыс форматы.
Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл бастаманың басты мақсаты - әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру екенін атап өтті. Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар мұқият сараланып, ең өзекті әрі қала үшін тиімді бастамалар бойынша нақты шешімдер қабылданады.

Жоба - әкімдік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты күшейтетін, қала басқару ісіне қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Бұл бастама арқылы тұрғындардың қала өміріне белсене араласуына жол ашылып, Шымкенттің дамуына қатысты ортақ жауапкершілік нығая түседі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus