Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға ЖИ көмектесуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жұмысында жасанды интеллекті қолданылады. 

Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit форумы аясында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жасанды интеллектінің инвестициялық шешім қабылдауда үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

— Әрине, жасанды интеллект аналитикада үлкен көмек көрсетуі тиіс. Осы мақсатта бізде деректер базасы бар, өйткені ақпаратты талдауға және ЖИ-ді оқытуға дереккөз қажет. Әйтпесе бұл мағынасыз болар еді. Меніңше, жеткілікті түрде оқытылып, деректерді алған ЖИ біз үшін мықты аналитикалық қолдаушы болмақ, — деді Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменов «ЖИ базалық мөлшерлемені айқындау кезінде қолданылып жатыр ма» деген сұраққа жауап берді.

— Базалық мөлшерлемені айқындау — бұл бір мезетте әрі ғылым, әрі өнер. Ғылым тұрғысынан жасанды интеллект тамаша нәтиже көрсетеді, бірақ ғылым мен өнерді ұштастыру қалай боларын көреміз. Сондықтан әзірге бұл шешімді тек ақша-кредит саясаты комитетінің мүшелері қабылдайды. Пікірталас арқылы бұл күрделі шешімді адамдар қабылдайды, — деді спикер.

Тимур Сүлейменов болашақта Ұлттық банктің аналитикалық жұмысына көмектесетін ЖИ кеңесшісі пайда болатынын растады.

— Иә, бастапқыда бізде «төрағаның цифрлық орынбасарын» қосу туралы ой болды, бірақ олай алысқа бармауды ұйғардық. Сондықтан бізде цифрлық қаржылық аналитик болады, ол өз тәуелсіз пікірін белсенді түрде білдіріп отырады. Біз оған дауыс беру құқығын бергіміз келмейді, бұл жерде құқықтық аспектілер бар, — деді Ұлттық банк басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк басшысы елімізде онлайн төлемнің үлесі 90 пайыз екенін айтты.

Сообщение Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға ЖИ көмектесуі мүмкін появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus