Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда

Тараз қаласында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезекті рет өткізілді.
Аталған шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған. Экологиялық акцияның мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
Бұл жолы сенбілік жұмыстары Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында өтті. Акцияға партия облыстық филиалының қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысып, Телжан Шонанұлы көшесінің соңындағы тазалық жұмыстарын жүргізді.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың айтуынша, экологиялық бастамаларды іске асыру – партия қызметінің басым бағыттарының бірі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарының бірі – «Таза Қазақстан». Бұл қағида елімізде экологиялық мәдениетті дамытуға, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Осы бағытта «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы тұрақты түрде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырып келеді. Бұл партиямыздың негізгі басымдықтарының бірі.
Бүгін сол бастаманың аясында еліміздегі ең ірі шағын аудандардың бірі – «Ұлы далада» тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл – табиғатқа жанашырлық танытудың нақты көрінісі. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табады, – дейді Дауыл Бейсенқұлов.
Жалпы, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жыл басынан бері облыстың барлық аудандарында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аталған бастама аясында бүгінге дейін партия мүшелері 36 тоннадан астам қоқыс жинап, 2 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды. Бұл жұмыстарға 3 мыңға жуық аманаттық азамат өз еркімен атсалысты.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы бастамаларды жалғастыра бермек.

Сообщение «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus