Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада тұрғын үй кешеніндегі лифт құлап, бір адам мерт болды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты. Жараланғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz оқырманы Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан "Арыстан" тұрғын үй кешеніндегі төтенше жағдай туралы хабарлады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде де пайда болды.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде лифтке жауап беретін компанияның бір қызметкері көз жұмған.

"Екі қызметкер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бір пациенттің жағдайы орташа ауыр, екіншісі ауыр жағдайда. Біреуі анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, екіншісі көпжарақат бөлімінде жатыр. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.


Көрсетілген тұрғын үй кешенінің ауласында түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Ашулы тұрғындар компанияға шағым айтып, далаға шыққан.
Астана Полиция департаменті оқиға бойынша адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Данияр Капаров (@astana_pokazhet_)



"Лифт ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізген қызмет көрсету ұйымының жұмысшылары болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", – делінген полиция мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Осы уақытта 2gis қосымшасында аталмыш үйдегі лифттерге қатысты көптеген шағымдарды көруге болады. Астаналықтардың айтуынша, "Арыстан" тұрғын үй кешенінде мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Алайда өлімге әкелген оқиға алғаш рет тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus