Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда салық қызметкерлері мен жолға жауаптылар жазаланды

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны үшін 18 лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы – жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нақты бұзушылықтар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда берілетін ресми мемлекеттік құжат. Құжатта нені түзету керек, кім жауапты және қандай мерзімде шара қабылдау керек екені нақты көрсетіледі.
Кімдер жауапқа тартылды?1 қазандағы жағдай бойынша, Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін:

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары;
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары;Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары;
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ "Семей" ӘКК" АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, жекелеген министрліктердің департамент директорларына және т.б. әкімшілік жаза қолданылды.
Жауапкершілікке тартылған меморгандар

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Қызылорда облысы әкімінің аппараты.

Сотқа талап қою
Аталған кезеңде Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамауға байланысты Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әкімдіктеріне қатысты сотқа талап қою бастамасы көтерілген. Мәселелер қаралу сатысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus