Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінде немен айналысады?

Зүлфия Сүлейменова Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметіне тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі ол жаңа лауазымда қандай міндеттер атқаратынын анықтады.
"Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші" лауазымы нені білдіреді
Ерекше тапсырмалар бойынша елші - тұрақты елші сияқты қабылдаушы елде тұрақты тұруды талап етпейтін, нақты миссияны немесе тапсырманы орындау үшін тағайындалған дипломат. Қазақстанның әкімшілік лауазымдар тізіліміне сәйкес, бұл лауазым С-1 санатына жатады және Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратындағы штаттық лауазым саналады.
Анықтама: С-1 санаты — орталық мемлекеттік органдардағы басшылық лауазым және жоғары жауапкершілік пен басқарушылық шешімдер қабылдау деңгейін білдіреді.
СІМ баспасөз қызметі мәліметінше, ерекше тапсырмалар жөніндегі елші министрліктің орталық аппаратында жұмыс істейді және шетелдік мекемелерде қызмет атқармайды. Ведомство құрамында осындай бірнеше штаттық орын бар.

"Бұл лауазым – сыртқы саясат пен халықаралық бастамаларды жүзеге асыру аясында арнайы, маңызды немесе уақытша тапсырмаларды орындауға арналған жоғары деңгейлі дипломатиялық позиция", – делінген министрлік хабарламасында.

Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшілердің негізгі міндеттері мыналар болуы мүмкін:

Қазақстанды халықаралық келіссөздер мен конференцияларда таныстыру;
ядролық қарусыздану, халықаралық қауіпсіздік, экология, адам құқықтары немесе халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл сияқты бағыттарды қадағалау;
басшылықтың арнайы дипломатиялық тапсырмаларын орындау;
бітімгерлік немесе консулдық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу;
қазақ диаспорасы, гуманитарлық жобалар мен экономикалық дипломатия бағыттарымен айналысу;
сыртқы саясат саласындағы ведомствоаралық бастамаларды үйлестіру.

Зүлфия Сүлейменованың жаңа қызметтегі міндеттері
Жаңа лауазымда Зүлфия Сүлейменова экология және жасыл экономика мәселелерін қадағалап, осы бағыттар бойынша Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асырумен айналысады.
Еске салайық, 11 қарашада Зүлфия Сүлейменованың жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus