Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Миллион доллар көлеміндегі алаяқтық ісі: Бишімбаевтың анасы сотта жылап жіберді

Астанада 1 миллион долларға жуық ақшаға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бұл іс бойынша жәбірленуші тарап - сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдары бойынша бұл соманы Бишімбаевтардың туысы Бекзат Кемелова алдап алған.

Сот отырысының басында Альмира Нұрлыбекованың адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан Кемеловадан 990 мың доллар (шамамен 453 миллион теңге) өндіріп алуды сұрады.

Прокурор айыптау актісін оқығаннан кейін судья Назгүл Бапақова айыпталушыдан айыптаумен келісіп-келіспейтінін сұрады. Бекзат Кемелова келіспейтінін айтып, кінәні мойындамады.

Ал Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова жауап алу кезінде сотта жылап жіберді

"Мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ. Екеуміз де егде тартып қалдық, еңсеміз түсіп кетті, жедел жәрдем келді. Күйеуім қатерлі ісікке шалдыққан, жүрегі ауырады. Күні-түні "ұлымыздың жағдайы не болады?" деген бір ғана ой мазалады..." - деді ол сотта.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы өздерінің туыстары, яғни Қайрат пен Бекзат Кемеловтарды сотқа бергені хабарланды.

Бұрынғы шенеуніктің анасы Бекзатты миллион долларға жуық көлемінде алаяқтық жасады деп, ал оның жұбайын жала жапты деп айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus