Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары тұрақты дамып келеді
Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары тұрақты дамып келеді
Ресейлік бағыт Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдығы болып табылады. Ресей Федерациясы Қазақстанның ең бір тиімді де сенімді стратегиялық көршісі, әрі серіктесі саналады. Мұның тарихы терең және себеп-сыры, қажеттілігі жеткілікті. Екі арада бізді 7591 шақырым шекаралық белдеу, тағдырдың таңдауымен ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстар жалғастырып жатыр. Елімізде 3 миллион орыс ұлтының өкілдері, Ресейде 650 мыңдай қазақ тұрады.
Ресей біздің ең ірі экономикалық әріптесіміз әрі серіктесіміз. Біз көршіміз, біз жақынбыз. Екі жақты инвестицияда жақсы көрсеткіш орын алып отыр. Қазақстанға салынған ресейлік инвестициялардың жалпы көлемі 27 миллиард доллардан асты. Ал Ресейге салынған...