Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Павлодар облысында автобус аударылды: 17 адам ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында автобус аударылып, 17 адам ауруханаға жеткізілді. Жол апатынан зардап шеккен автобустың жолаушылары Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды. Төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
7 қараша кешке Шідерті–Астана тасжолында, Шідерті кентінен 10 шақырым жерде, жолаушылар мінген автобус жол жиегіне аударылды. Апат кезінде автобуста 50-ден аса адам болған. Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы мен Төтенше жағдайлар медицина орталығының мамандары жіберілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Жол апатына байланысты трассада жеңіл және жүк көліктерінен бірнеше шақырым кептеліс пайда болды.
Зардап шеккендердің жағдайы
Зардап шеккендер Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Аурухананың бас дәрігері Қайрат Мұрзалиннің айтуынша, қабылдау бөлімі, травматология және жансақтау бөлімдерінің түнгі ауысымдағы дәрігерлері бір мезетте сегіз жедел жәрдем көлігін қабылдаған. Қосымша травматологтар мен хирургтар шақыртылды. Науқастарға жабық бас-ми жарақаттары, сыну және политравмалар диагнозы қойылған.

"Жедел жәрдем қызметі 17 адамды жеткізді, төртеуі бірден жансақтауға жатқызылды. Қазір олардың халі тұрақты ауыр, толық көлемде ем алып жатыр, болжам қолайлы", - деді Мұрзалин.

Қалған науқастар орташа жарақаттармен травматология бөлімінде жатыр.
Тергеу жүріп жатыр
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус Жаңасібірден Қарағандыға бағыт алған. Бастапқыда полиция алты адамның зардап шеккенін хабарлаған. Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus