Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Сібір жарасына байланысты үйлер сүріледі“: Алматы облысы әкімдігі тұрғындарға жауап берді

Алматы облысының әкімдігі Байсерке ауылындағы сібір жарасына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округіне қарасты Байсерке ауылының тұрғындары сібір жарасы көміндісінің маңында тұратыны туралы ақпаратқа байланысты баспанасыз қаламыз деп алаңдап отыр.
Әкімдік не деді?
Әкімдік Алматы облысының Байсерке ауылында сібір жарасының бір көміндісі барын растады.

"Бұл көмінді жеке меншік жер телімінде, "Транспетролеум" ЖШС аумағында орналасқан. Мұрағат деректеріне сәйкес, 1958 жылы бір ірі қараның басы, ал 1968 жылы екі жылқы көміліпті", - деп хабарлады әкімдік.

Мал көміндісінің айналасында радиусы 1 километр санитариялық-қорғау аймағы белгіленген. Ол Байсерке ауылының бір бөлігін, сондай-ақ, Талғар ауданының Кіші Байсерке ауылының кейбір жер учаскелерін қамтиды.

"Санитариялық-қорғау аймағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды көшіру немесе сүру мәселелері қарастырылмайды. Қазір жергілікті халыққа қауіп жоқ", - деп атап өтті жергілікті билік.

Мәселені жан-жақты зерделеу және қажет шараларды айқындау үшін Іле ауданы әкімнің өкімімен жұмыс тобы құрылды. Қазір топ ғылыми мамандармен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі отырыс өтіп, онда көміндінің нақты орналасқан жерін нақтылау, санитариялық-қорғау аймағын түзету және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындалды.

"Мұрағат құжаттары мен жиналған деректер талданып жатыр. Көмінді мен оның санитариялық-қорғау аймағына қатысты түпкілікті шешім алдағы бір ай ішінде жұмыс тобының қорытынды отырысында қабылданады, оның нәтижесі бойынша қажет шаралар айқындалады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік Іле ауданы әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Аудандағы сібір жарасы көмінділерінің орындарын айқындау туралы" шешіміне тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus